ЖАНЫМ-АУ , ӘНІМ-АУ
Әнін жазған: Бек Оралбеков
Өлеңін жазған: Абдрахман Асылбек
1.
Неткен нұрлы күлімдеген көздерің,
Неткен сырлы сүйдім деген сөздерің.
Не қылайын өрімталын өзгенің.
Жаным-ау, әнім.
Өтер күндер білінбей.
Сырғымалы сиқыр сағат тіліндей,
Өмір жарқын сен тұрғанда күлімдей.
Сенің көзің - төңкерілген түнгі аспан,
Сенің сөзің - жан тербеген жыр дастан.
Қайырмасы:
Арайлы таңым,
Қалайды жаным,
Өмірлікке болшы серік.
Ақ құсым менің,
Бақ құсым.
Сен үшін, сәулем,
Тербеймін әуен,
Тыңдайсың ба көңіл бөліп?
Ақ құсым менің,
Бақ құсым.
2.
Тұрған кезде нұрландырып ажарың,
Тұрған кезде думан құрып базарың,
Қалықтасын сұлу сазды наз әнің,
Жаным-ау, әнім.
Әндеріңді тыңдаймын.
Сырғымалы сиқыр сағат тіліндей,
Өмір жарқын сен тұрғанда күлімдей.
Сенің көзің - төңкерілген түнгі аспан,
Сенің сөзің - жан тербеген жыр дастан.
Бек Оралбеков еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2