Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бек Оралбеков - Сүйемін өмірді - Я люблю тебя жизнь | Текст песни

«Я люблю тебя жизнь»
«Сүйемін өмірді»
Музыка: Колмановский Э.
Слова: Ваншенкин К.
Өлеңін қазақшалаған: Абдрахман Асылбек.

1.
Сүйемін өмірді,
Белгілі жағдай – табиғат заңы.
Сүйемін өмірді,
Сүйемін сені тағы да тағы.
Күн нұры төғілді,
Жұмыстан шаршап, келемін үйге.
Сүйемін өмірді,
Болсын деп жаным көңілді күйде.

2.
Мен үшін берілген
Кеңдігі жердің, айдыны көлдің.
Шуақ боп төгілген
Ақ көңіл адал достығы ердің.
Шаттанам әр күні,
Ырзамын сондай, тыным жоқ менде.
Жанымның жарқылы,
Жетелеп алға, кернейді кеуде.

3.
Бұлбұлдар сайрайды:
Ләззаттар түнгі алдында таңның.
Жанарлар жайнайды,
Пердесін ашып жарасты жанның.
Өткеріп келеміз:
Балалық, жастық, балғын бақ, гүлдер.
Өткеріп келеміз,
Қайталай бермек өткерген күндер.

4.
Жылдар тез өтуде,
Ақ түсіп шашқа, қарайсың мұңлы.
Елді азат етуге,
Сен үшін сарбаз өмірін қиды.
Көтеріп көңілді,
Шырқайық елдің елұран әнін.
Сүйемін өмірді,
Осының бәрі – өмірдің заңы.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-