Телефон арқылы қалыпсыз тынысты естідім, Сенің шыдамынның біткенің қазір түсіндім, Сүю және жек көру бұлай болмайды, Арамызда болғанды ұмытсан құдай қолдайды,
Сенің қиналғанынды көру ауыр мен үшін, Бірақ басында сені сүймедім осыны түсін, Менің ішімде тек қана қараңғылық, Сен ақымақ екенсің маған сенген үміт қылып,
Уақытты өткізу ғана сен мен үшін ермексін, Әншейін ойнап кету осы үшін керексін, Менде сезім жоқ кешір бірақ сен біл, Сені менің ақылым әрқашан қолдап тұр,
Не істей аласын амал жоқ айрыламыз, Бұл мен үшін ойын ал сіз қайғырмаңыз, Жүрек жоқ менде мен оны көміп қойғам, Менімен қалай бірге боласын енді ойлан,
Қазір сен рас қайғырасын саған ауыр соққы, Бірақ біл жаным менде жүрек жоқты, Шындықты білген кезде мүмкін түсінерсін, Шын сүйдім кезінде мен мүмкін білерсің,
Бір қызды мен сүйдім ал ол мені білмедім, Сол сұлу аруға сеніп жүрегімді бердім, Бірақ ол менің жүрегімді алып сақтамады, Керісінше қайта оған әкеп пышақ қадады,
Бұл бір кино секілді таң ертен тұрамын, Теріс қарап тұрған оның суретің бұрамын, Смстер, гүл, сыйлық әрине керек, Бақытты сәттерімізді түсіріп алдық сурет,
Содан бері мен өте қатты өзгергенмін, Басқалар қиналып жатқанда мен күлемін, Зорға жинаған жүректі шашыратып алмау үшін, Ойнап кетуге тура келеді өтінем түсін.