Мен көп көріп едім достарымды құлай сүйген, Оларға лайықты емес жан үшін сонша күйген, Көздерін ашуға тырысатынмын олардың басында, Бірақ жақында түсіндім махаббат қалмас қасында,
Мазақ ететінмін оларды енді не істеймін, Олардың қыздарын мен өлтірмеймін, Өзіме сенетінмін мемен бұлай болмайды, Бірақ қателесіппін мінсіз адам болмайды,
Ешкім сені түсінбейді достарын туыстарын, Жұбатуға тырысады келіп жақын туысқанын, Оларға бәрі оңай айтады қойшы ондайды, Ақыл адасып кетеді бірақ жүрек қолдайды,
Сосын әрине қателіктер үйретеді, Махаббат ойыншық емес өмірінді күйретеді, Бірден жүректен алады жағадан емес, Сезім қайда түсінбеймін сезім елес.
Періште деп ойлаппын бірақ сен кеткенде, Жүрегімді таптап өттін қанатынды көрмегенде, Бірден түсіндім сенде кәдімгі адамсын, Себебі бұған дейін қара жағын қарамаппын.
Ал мен болсам негізі арзан қызға қарамаппын, Ләззәт алуды білмеймін жүрегімді жаралапсын, Ләззәтті білмесемде сенімен бірге болу мен, Үшін бірдей бақыт құсын қондырумен,
Сенің қылығына шыдау талаптарын әртүрлі, Басқаша жеткізе алмайм мұның бәрі біртүрлі, Шыдайтынмын әйтеуір берік едім өзіме, Бақытты шақтарды елес қылып көзіме,
Мен қыдырудан емес жұмыстан келетін едім, "Келші қане қасыма сөйлесейік" дедім, Ашуға ерік беріп маған қатты айқайладың, Сезімдеріміз өшті бірақ бұны байқамадың,
Елестетші аз уақытқа екеуміз ауысып кеттік, Сен-мен, мен-сен, маған сен шыдар медің, Ашуға берілген маған жоқ сен шыдамассын, Енді ойлаң кім періште саған шыдауға тырыстым.