Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бекарыс Шойбеков - Жамалым | Текст песни

Қарақат көзді қарағым
Аймалап ескен самалым
Шарлатқан шаттық аралын
Маралымсың

Еркесі еркін даланың
Байлаулы саған жанарым
Көңілдің бұзған қамалын
Жамалымсың
Еркесі еркін даланың
Байлаулы саған жанарым
Көңілдің бұзған қамалын
Жамалымсың

Еңсерген ойдан арылып
Нұрыңды әркез сағынып
Заңына қалдым бағынып
Махаббаттың

Асылдан алқа тағынып
Сәулесі күнге шағылып
Қасымнан жүрші табылып
Шапағатым
Асылдан алқа тағынып
Сәулесі күнге шағылып
Қасымнан жүрші табылып
Шапағатым

Жаныма жаққан дерт едің
Сенімсіз сенсіз ертеңім
Гүл қызы өзің өлкенің
Түсімдегі

Үрлеген жүрек желкенін
Көз тоймас менің көркемім
Сезімнің күйін шертемін
Түсін мені
Үрлеген жүрек желкенін
Көз тоймас менің көркемім
Сезімнің күйін шертемін
Түсін мені
Сезімнің күйін шертемін
Түсін мені

Бекарыс Шойбеков еще тексты


Другие названия этого текста
  • Бекарыс Шойбеков - Жамалым (0)
  • Ж. Омаров - Жамалым (0)
  • Папа айтқан əн 3 - Жамалым (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
  • Бекарыс Шойбеков - Жамалым.flv Бекарыс Шойбеков - Жамалым.flv
    Бекарыс Шойбеков - Жамалым.flv. ДАСТАН ... Рахмет бекарыс жараисын сегіз қырлы,бір сырлы алла жар болсын!тек қана алга ак жол.
  • Рабига Орнек ауылы: "Жамалым" Бекарыс Шойбеков Рабига Орнек ауылы: "Жамалым" Бекарыс Шойбеков
    Домбыра, Домбра, Dombra Казак андери, Музыка, Терме андер, Казакстан, Жамбыл облысы, Турар Рыскулов ауданы, Орнек ауылы, ...
  • Жамалым Жамалым
    Жамалым. Курчум ... Up next. Рабига Орнек ауылы: "Жамалым" Бекарыс Шойбеков - Duration: 2:34. by danabek94 69 ...
  • Бекарыс Шойбеков Бекарыс Шойбеков
    Арнаға жазылыңызшы https://www.youtube.com/user/NBakhdaulet Қазақ елі https://www.youtube.com/channel ...