1.Ол сені сүйді, ал сен оны менсінбедің Сыйлықтарын алдың, бірақ мүмкіндік бермедің СмС-теріне суық жауап беруші едің Алдында жорғалаған оны ұнатушы едің Уақыт өтіп, ол арманыңа жете алмаған соң Шегінді, жүрегіңді жаулай алмаған соң Оның жаңа арманы - махаббаты пайда болды Сенің жүзің оның жадынан мәңгі ұмытылды
Қ-сы: Көкіректік сені бақытыңнан тайдырды Ол сені сүйді, бірақ та саған аз болды Ұмытпа, бақыт береді махаббат тек Алайда ештеңе көрмейді соқыр жүрек Шын сүйгеніңді қадірле, мына суық әлемде Ешқашанда жіберме!
2.Кезекті күн тағы күтіп тұрмын аулаңда Сен жақсы көретін гүлдерім қолымда Үміттенемін мені қумайды деп тағы да Қусаң, куа бер, бірақ кетпеймін ешкайда Сенің жанарың маған қажет ауадай Өзіңсіз болашағымды жоспарламай Ғашықтық емес бұл деген нағыз махаббат Мүмкіндік берші деп сұраймын жалына Бәрібір болсаң да өте қатігез Сені сүйген жүрегімді тағы да, тағы да ез Бәрі де сен үшін, сен үшін бүкіл әлем Себебі махаббатымның саған аздығын білем Мен сүйем сені суықтығыңа күйем Сенсіз өткен әрбір күн сайын өлем Шегінбеймін сыйламағанша мүмкіндік Сенсіз кажет емес маған мына еркіндік
Қ-сы: Көкіректік сені бақытыңнан тайдырды Ол сені сүйді, бірақ та саған аз болды Ұмытпа, бақыт береді махаббат тек Алайда ештеңе көрмейді соқыр жүрек Шын сүйгеніңді қадірле, мына суық әлемде Ешқашанда жіберме!
3.Жүректің жарасын мүлдем сезінбеген Өмірінде ешқашанда сүйіп көрмеген Махаббатқа мұқтажбыз, махаббат - деген өмір, Махаббат жауып алып бүкіл әлемге түгел Жүректер жаурамасын, шын ғашықтар қосылсын! Қосылған жұбайлардың шаңырағы биік болсын! Жалғыздық деген жараспайды ешкімге Мүмкіндік бер сені сүйген жүрекке!
Шын сүйгеніңді қадірле, мына суық әлемде Ешқашанда жіберме! Шын сүйгеніңді қадірле, мән берген өміріңе Жара салма жүрегіне!