Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бекжан Тұрыс және Ақбота Керімбекова - Амалым қанша | Текст песни

Жiгiт:

Шөлiмдi басар сен бе едiң кәусар бұлағым?
Үкiлi-ай қалқам, үзiле жаздап ұнадың.
Ойда жоқ сәтте оянған албырт сезiмдi,
Амалым қанша, айта алмай iштен тынамын,
айта алмай iштен тынамын.

Қыз:

Ессiз дүниенiң етегi келмей қымтауға,
Асылды ма екен, шашылды ма екен күн тауға?
Өңiмде көрмей түсiме ылғи енетiн,
Жарығым саған, тәңiрiм саған мың тәуба,
Амалым қанша, тәңiрiм саған мың тәуба...

Жiгiт:

Оңаша қалып опасыз жалған бес күннен,
Еншiмдi жаным, даулаған емен ешкiмнен.
Айтатын сөзiм тұрса да тiлдiң ұшында,
Амалым қанша, мылқаудың күнiн кештiм мен,
мылқаудың күнiн кештiм мен.

Қыз:

Есiркей көрме, мүсiркей көрме өтiнем,
Жетелеп жүрсең жетiм қозыдай жетiлем.
Жазмыштың жазған жазуы жаным сол болса,
Жалғыздан жалғыз несiне налып өкiнем.
Амалым қанша, несiне налып өкiнем...

Жiгiт:

Боларсың сәулем әнiмдi менiң естiген,
Алдыңда сенiң мың лаулап тұрып өштiм мен.
Күлiмдеп қарғам шықсаң да менiң алдымнан,
Амалым қанша зағиптың күнiн кештiм мен,
зағиптың күнiн кештi мен.

Қыз:

Көкейде арман, көңiлде алуан маржан бар,
Айтыла берсе сезiм де сөз де арзандар.
Хан сарайындай жанымның жауһар жарығын,
Қайдан да бiлсiн көкiрек көзi көр жандар.
Амалым қанша, көкiрек көзi көр жандар...

Жiгiт:

Таң болып атып, күн болып менде шығар ем,
Қыз: Әтең-ай, әттең дүние-ай неткен шұбар ең.
Екеуi қосылып: Бермейдi маза, тербейдi менi бесiкте,
Махаббат деген, махаббат деген бiр әлем.
Амалым қанша, махаббат деген бiр әлем.
Амалым қанша-ай, Махаббат деген бiр әлем.

Бекжан Тұрыс және Ақбота Керімбекова еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1