Анамның үнсіз жылап тұрғаны... Батырхан Сәрсенхан Дауылды дауыл басып көрген бе, Жолбарыстанып жасықтар жерде. Шашынан сырғып ақ орамалы, Көрші әйел үйге қашып келгенде,
Күрсініп анам жылады, Жынды су деді, кінәлі.
Себеп те таппай кісіңді ақтауға, Сәбидей қолы үсіп жатқанда, Алпамса жігіт ақырып төніп, Әкесін сабап, тісін қаққанда,
Жабығып анам жылады, Жынды су деді, кінәлі.
Жамаусыз көңіл қазақта бар ма, Панасыз қайтсін көзі ақпағанда, Бейкүнә жанды тағдырдың өзі, Жетімек қыз деп мазақтағанда,