Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бекзат Сәкенұлы - Бабаларым Мейіржан Әлібеков | Текст песни и Перевод на русский

Мейіржан Әлібеков
Бабаларым
Бісміллә деп шайырың,
Шырынын жырдың құяды.
Иманды болса ақыны,
Қоғамды сөзбен тияды.
Имансыз болса ақыны,
Тиеді көпке зияны.
Шайтанның сөзін дәріптеп,
Бұл қазақ дінсіз халық деп,
Исламды жоққа шығарған,
Ағаларым бар зиялы.
"Сөздің басы бісміллә,
Бісмілләсіз іс қылма."
Деп жырлаған бабамыз,
Кезсе де ой мен қияны.
"Бағзы бір өткен заманда,
Дін мұсылман аманда"
Деп бастаған жырларын,
Бабамның ұшқыр қиялы.
Осылардан тараған,
Ұрпағының аузына,
Бөтен сөз қалай сияды?
Ақ сөйлеңдер ағалар,
Артыңнан ерген бала бар,
Улама босқа ұяны.
Қазақты дінсіз дегенге,
Өрнекті салып өлеңге,
Дәлелмен жауап берейін,
Қырынның едім қияғы,
Тектінің едім тұяғы.
Пайғамбарымыз Мұхаммед,
Асып туған айбыны.
Жұмыр жерге жайылған,
Жүрегіндегі байлығы.
Немересі елшінің,
Хасан деген ер өткен,
Қуанышқа шүкір ғып,
Сабырмен жеңген қайғыны.
Есімін алғын Хасанның,
Кім білмес Асан қайғыны.
Ардақты пайғамбарымның,
Қасым деген ұлының,
Лайланбаған айдыны.
Сол есімді енші еткен,
Аманжолдың баласы,
Қасым ақын әйгілі.
Кешегі аталарымның,
Имансыз өткен қай бірі?
Исламсыз өткен қай күні?
Ибраһим деген пайғамбар,
Адалдан болған несібі.
Ұлы Абайды тербеген,
Қазақтың құтты бесігі.
Ибраһим еді әу баста,
Абайдың нағыз есімі.
Бір Аллаға сыйынып,
Балаларды оқытқан,
Шариғат болып кесімі.
Алтынсарин Ыбырай,
Білімнің болған есігі.
Қазақты дінсіз дегендер,
Білмейді ме екен осыны.
Иса деген пайғамбар,
Туылып Мәриям анадан.
Ізгілігі шуақ боп,
Ізіндегіге тараған.
Исаның алған есімін,
Үлгі аламыз бабадан.
Тайманның ұлы Исатай,
Байзақтың ұлы Иса бар,
Бірі батыр, бірі ақын
Екеуі де нар адам.
Осының бәрін ескермей,
Бабасын дінсіз санайды,
Ақыл, ойы тар адам.
Таразылап сөйлейді,
Тарихына қараған.
Сүйікті құлы Алланың,
Адамзаттың абзалы,
Мұхаммед деген ер өткен.
Есімін алған нәбидің,
Қазақта талай зор өткен.
Доспамбет деген жырау бар,
Есімінде құрау бар,
Дос пен Мұхаммед деген,
Ат қойған сондай себеппен.
Еңку-еңку жер шалып,
Ереуіл атқа ер салып,
Махамбет ақын ол өткен.
Мұхаммед пайғамбарымның,
Есімдерінің бірі Ахмет,
Сөйлесем дәлел, дерекпен.
Байтұрсынов Ахметтің,
Еңбегі елге мол өткен.
Мұқағали ақыным,
Мұхаммедқали шын аты,
Мұсылманмын деп өткен.
Осылар еді нар ұлдар
Аллаға құл, адамға-ұл
Алаштың қамын жеп өткен
Харун деген Пайғамбар,
Оның да ғажап есімі,
Бабаларыма бұйырды-ай.
Харуннын алган есімін,
Аронның ұлы емес пе еді,
Ақберен ақын Сүйінбай.
Жүсіп, Жақып, Ілияс
Үшеуі де пайғамбар
Насихат айтқан сұйылмай.
Есімін алған бұлардың
Аймауыт ұлы Жүсіпбек,
Дулат ұлы Міржақып,
Жансүгір ұлы Ілияс,
Тұлғалар еді құйындай.
"Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазба" деп
Сөйлемеген бабалар
Бір Аллаға сыйынбай.
Сахаба Әбубәкірдің,
Өміріне қарасаң,
Ғибратқа кеудең толады.
Осының алған ныспысын,
Әбубәкір Кердері,
Жарып шыққан доданы.
Сахаба өткен Омардай,
Есімін алған сол жанның,
Шораяқтың Омары.
Пайғамбардың Әлидей,
Күйеу баласы болады.
Әлидің алған есімін,
Алихан Бөкейхановтың,
Болса да басқа қоғамы,
Тұлғасы бізге өр әлі.
Айтқандарым осылар,
Айтпағандарым көп әлі.
Бабаларым боп кеткен,
Бес күндіктің қонағы.
Ұрпақ алдында олардың,
Есімдері атақты,
Еңселері жоғары.
Есімге келсек егер де,
Тоқталмасам да белгілі,
Дінмұхаммед данама,
Нұрсұлтандай ағама.
Нұр Алланың нығметі,
Сіңірсең дұрыс санаңа.
Дін болмаса қазақта,
Құнанбай мешіт сала ма?
Бір айдан астам жол жүріп,
Қажылыққа бара ма?
Ағалар тағы айтарым,
Қазағыңды дінсіз ғып,
Тіл тигізбе бабаңа.
Құдайға сенген пенденің,
Екі бүйірі шығады.
Адамға сенген пенденің,
Екі көзі шығады.
Осыны айтқан бабамның,
Бір Алла болған ұраны.
Жүрегінде калима,
Аузында болған Құраны.
Дұға тілеп жүріңдер
Бабаларыма ардақты,
Кәусардан қанар құмары,
Алланың болсын жұмағы.


Бекзат Сәкенұлы еще тексты


Перевод Translate.vc



Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1