Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бекзат Смагулов - Г-ға (Нұркен Жаңай) | Текст песни

Жұлдыздар күлсе, түндер де талай жымыңдап,
Күндер де жүрдім, қыздарға талай қырындап,
Күн, Айдың өзі тілекші маған. Болса екен -
Құдайдың өзі маңдайға жазған Гүлім бақ!

Тас жарар күшпен теңіздей болып тасынып,
Бастаған істен, бейнетке түрлі бас ұрып,
Ұғынбадың ба? Жарасып тұрған өзіңе,
бұрымдарыңа өлгім келетін асылып.

Жанымды нұрлы, суына жуып толқынның,
Таңымды жырлы, сағыныштарға толтырдым,
Көзіңді көріп тұрған да сенің әдемі,
Өзімді көміп, келетін еді өлтіргім!

Өзіңдей нәзік, қырлардан гүлді жиып мен,
Көз ілмей жазып жататын жырдай, сүйікті ең.
Сөнгім келетін жұлдыздай. Сені ойласам -
өлгім келетін абайсыз құлап биіктен.

Ерекше туған жан едің біздің елдегі,
Белесте тұрған, махаббат гүлім гүлдеді,
Қайтара алмайтын, өлуге қиған жанымды,
Қайталанбайтын сұлулық еді сендегі.

Ән салып әсем, аққулар ұшқан көгімнен,
Тамсанып өтем, көзіңе шуақ төгілген.
Уақытым жетіп жар таңдар маған. Өзіңді -
бақытым етіп, таңдаған жігіт едім мен.

Бекзат Смагулов еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1