Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бекзат Смагулов - Жек көрдік, сүйдік... (Ерлан Жүніс) | Текст песни

Жек көрдік. Сүйдік. Жалықтық тағы.
Сезімді сонша тез кештік.
Жолықпау үшін жолықтық дағы,
Кездеспеу үшін кездестік.

Ақ бұлтым едің өтпелі менің,
Болмадым, бәлкім, биік шың.
Жек көрмеу үшін жек көріп едім,
Сен сүймеу үшін сүйіпсің!

Керексіз құлдай ешкімге бүгін,
Дерексіз жырлар жазамын.
Өстім бе, әлде өштім бе, күнім,
Ол - менің ғана азабым.

Жолықшы. Енді жолықпаймын ғой.
Тыңдарсың сосын жат әнін.
Жалғыз қалудан қорықпаймын ғой,
Жалғыз қалғаның... батады.

Ерлан ЖҮНІС

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-