Бақытты бол – Бексултан Арыстан
Айдың нұры тереземнен төгілген,
Түндерімде елестетем бейнеңді.
Менің жаным сағыныштан езілген
Маза бермей күнім сені іздейді.
Жұлдыз ақты тілеп аспан кеудесін,
Меніменен тілдесі елесің.
Алшақтадың өмірімнен жадымнан
Айтшы неге жүрегімнен кетпейсің?
Қ-сы:
Нәзік үнің құлағымда тұр әлі,
Менің жаным бәріне де кінәлі.
Қоштасқанда жанарларың жылады.
Қош дегенмен жүрек сені қимады.
2-куплет
Сен кіресің жиі менің түсіме,
Жымиясың қарап менің жүзіме.
Бақыт бір сәт бір ашады жанымда
Кетпе деймін болшы тағы қасымда.
Бүрме көйлек сәукелемен жарасқан,
Аппақ жүзің алаулаған нұр шашқан.
Жүрек жылап тілеп саған бақытын,
Жаламасын жанарларың ешқашан.
Қ-сы:
Нәзік үнің құлағымда тұр әлі,
Менің жаным бәріне де кінәлі.
Қоштасқанда жанарларың жылады.
Қош дегенмен жүрек сені қимады.
Бексултан Арыстан еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1