«Намазды үзірсіз (себепсіз) оқымаған адамға Аллаһу та'ала он бес қиыншылық береді. Бұлардың алтауы дүниеде, үшеуі өлім уақытында, үшеуі қабірде, үшеуі қабірден тұрып жатқанда болады.
Дүниеде берілетін 6 азап:
1- Бейнамаздың өмiрiнде береке, бақыт болмайды.
2- Жүзінде Аллаһтың жақсы көретін құлдарындағыдай нұр, сүйкімділігі қалмайды.
3- Ешбiр жақсы, игi iсiне сауап берілмейді.
4- Дұғалары қабыл болмайды.
5- Оны ешкiм жақсы көрмейдi.
6- Мұсылмандардың игі дұғаларының оған пайдасы тимейдi.
Өлер алдында көретiн азаптары:
1- Қиналып, қорланып жан тапсырады.
2- Қарны аш болып өледi.
3- Көп су iшсе де шөлдеу азабымен өледі.
Қабiрде берілетін азаптар:
1- Қабыр оны қатты қысады. Сүйектерi бiр-бiрiне кiрiп кетедi.
2- Қабiрi отқа толтырылып, күндiз-түнi оны жағады.
3- Аллаһу та’ала қабiрiне дүниедегi жыландарға ұқсамайтын өте үлкен бiр жылан жiбередi. Әрбiр намаз уақыты кіргенде оны шағып қинайды.
Қияметте көретiн азаптары:
1- Тозаққа алып баратын азап перiштелері қасынан айрылмайды.
2- Аллаһу та’ала оны ашумен қарсы алады.
3- Есебi өте қиын болып, соңында тозаққа тасталады».
Бес уақыт намаз оқу еркек-әйел барлық мұсылмандарға парыз. Парыз намазын оқымау – имансыз кетуге себеп болады. Намаз оқу – көңілдің нұрлануына және мәңгі бақытқа қауышу үшін себепші. Пайғамбарымыз: «Намаз – нұр» деп білдірген.