Кеудем толы жырым ағын Жалындаймын жанығамын Мен өзіңе асығамын Алыста ма жасыл бағым Сағынғанда қасындамын Әсем ауылым Өшпес оттай ыстық сезім Сағыныштан сынып төзім Буланды көзім
Қайырмасы: Туған жерім менің Думан дала елім Қандай шырын сезім Туған жерім менің Отаным бұл - Елім!
Өзіңнен алған тағылым Аядай ғана ауылым Жібекше желің есіліп Шашыммен ойнап дауылың Сүйеді ерке тау ұлын Асыл ауылым