Айлы түн, айнадайын ашық аспан,
Бақыттың жұлдызындай жымың қаққан.
Секілді не бар тәтті бұл дүнияда,
Жарасқан екі жасқа махаббаттан.
Қайырмасы:
«А!» десе бұлбұл бақшадан,
Жүрекке болсын деп дауа.
Қамықпа, сұлу қалқажан,
Бақытың әлі алдыңда.
А-ха-ха-ха-ха!
Деп сайрайды ол маған.
Сайрайды бұлбұл әнін тал бағында,
Айтқандай тәтті сырын жан досына.
Дариға, төбем көкке жетер еді,
Болса егер жалғыз еркем жар қасымда.
Қайырмасы:
«А!» десе бұлбұл бақшадан,
Жүрекке болсын деп дауа.
Қамықпа, сұлу қалқажан,
Бақытың әлі алдыңда.
А-ха-ха-ха-ха!
Деп сайрайды ол маған.
Бибігүл Төлегенова еще тексты
Другие названия этого текста
- Ләлә Бақытнұрқызы - Бұлбұл (1)
- Молдир Бакытжанкызы 16 лет - Л.Хамиди-Бұлбұл (0)
- Бибигуль Тулегенова - Бул бул (0)
- Бибігүл Төлегенова - Бұлбұл (0)
- Марина Бигалиева - Бұл бұл әні (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1