Халық әні
Ажарың ашық екен атқан тандай
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай
Анаңнан сені тапқан айналайын
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай
Беу-беу гауһар тас
Құсни, құрдас
Раушан жүзің көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас
Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан
Шолпандай таң алдында жалғыз туған
Жылы су, қолда құман, қарда орамал
Жібекпен қызыл гәріс белін буған
Беу-беу гауһар тас
Құсни, құрдас
Раушан жүзің көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас
Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң
Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған
Беу-беу гауһар тас
Құсни, құрдас
Раушан жүзің көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас
Бибігүл Төлегенова еще тексты
Другие названия этого текста
- Бибігүл Төлегенова - Гауһартас (1)
- Ақбота Керімбекова - Гауһар тас (0)
- Бибігүл Төлегенова - Гауһар тас (0)
- Бибігүл Төлегенова - Гаухартас (0)
- Адильбек Жаниязов - Гаухар тас (0)
- Квартет "ALMAZ" - Гаухартас (0)
- Әділбай Жаниязов - Гаухартас (0)
- Ақбота Керімбекова - Гауһар тас (0)
- Бибигул Толеген - Гаухартас (0)
- Бибигуль Тулегенова - Гаухартас (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1