Лесбек АМАНОВ, сазгер: Қара бауыр қасқалдақ — Қонаев, қаңғып келген шүрегей — Колбин
Қасқалдақ с. Е. Раушановтікі ә. І. Амановтікі Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап? Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап. Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт, Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.
Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы, Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.
Өз босағаң - бұл жердің тауы, қыры, белесі, Босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі. Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт, Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.
Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы, Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.