Бояуы сіңгендей ме? қалай өзі түсінбедім Сенімен қалсам деп болашақты болжап едім, Ал сен кете бердің өзге қыздың қолын ұстап Ал мен кете алмадым басқа жанның қолын қыстап...
Мүмкін риза шығарсың сол қызыңды тапқаныңа Белінен тартып алып құшағыңа қысқаныңа, Екеуміз ұрысқалы бір апта да болғаны жоқ Ал сен басқаменсің сүйгенімді біле тұра...
Зайсанда ұлдар жетеді, сенсіз-ақ күнім өтеді Сенде қателіктер көп, қойшы болды жетеді, Бір күні мағанда күтіп жүрген жігіт келеді Әкемнің орнына әке болып бақытты етеді...
Арада қанша күндер, қайда сондағы уәделер? Бәрі босқа зая кетті біздегі естеліктер, Қалыпты ұялыда сенімен түскен суретім Соңғы рет қарап алып міне оныда өртедім...
Бетіңе басып айтам: -шынайы мал адамсың Бұл ойнағаным емес өзің түсініп аларсың, Аузыңды бітеп қойсай дөрекі сөздер айтпасын Ондай әлсіз сөздерді келесі қызыңа айтасың...
Міне көзімде жетті етің де, демің де АРАМ Алдыңғы жігіт не? сен не? Екеуің бір адам Қазір қайдасың? білем сол қызың бар құшағыңда Мен саған оралмаймын бәрі кеш болғанында!!!
Бақытты бол, аумин, осы менің айтарым Қасымда қалшы демеймін кеткің келсе қош жаным, Мен көп нәрсе жоғалттым сенде кеттің арасында Өкпені қосып жерлеймін мейлі көп қиналсамда...
Аллаға шүкір! Налымаймын өміріме Құрбылар бар қасымда көңіл түсіп жүдегенде, Бірақта өкінемін сен қасымда жүрмегенге Жылуыңды сезіп бірге жүріп күлмегенге...
Сағынарсың мені күнің батып қас қарайса Сағынарсың әлі мендей пенде табылмаса, Ауыр сөздер жазбаймын көкейді тесіп жатсада Себебі сені сүйем жүрегімді ауыртсаңда..
Айтқым келген сыр көп енді анық айта алмайтын Қанша тырыссаңда мендік сезім сатылмайтын, Сені қайтаруға ешқашанда ұмтылмаймын Қалған іштегі ойды беттесіп қалсақ айтармын...