Сенен сұлу, Ақтамақ, жан өтпейді-ай, Ақылың асқан дариядай көз жетпейді-ай, Ақтамақ. Шыға келсең жалт етіп бұлт астынан-ай, Қайран болмай көрген жан бір кетпейді-ай, Ақтамақ. Қ-сы: Айдың көлдің еркесі, Ерке өскен-ай, Ақтамақ. Гүл бақшада сайраған, Бұлбұлымсың-ай, Ақтамақ. Оқтан ұшқыр жарқ етсе қара көзің-ай, Қорғасындай балқытар айтқан сөзің-ай, ақтамақ. Сымға тартқан күмістей нәзік белің, Сәтті күні жаралған жансың өзің-ай, Ақтамақ.