І Ң К Ә Р І Ң М І Н
Әнін жазған: Бек Оралбеков
Өлеңін жазған: Нұрсұлтан Мықтыбай
1.
Төгіліп тереземнен ай сәулесі,
Шешілмей көңілімнің мұң сәлдесі.
Сағыныш аймалаған,
Сенсіз ән қайда маған –
Ертегінің қашан бітер әуресі?!
Қайырмасы:
Болайық кейіпкері ертегінің мәңгіге,
Бітпесін әңгіме –
Тәңірден тілейтін бағым.
Бір сенсіз мына өмірім ойлашы мәнді ме,
Тағдырым сәнді ме –
Өзіңнің мен мәңгі іңкәріңмін.
2.
Сен үшін бәрінен де өтер едім,
Жүрекпен бар дертіңді көтеремін.
Сарғайдым өзіңді іздеп,
Тоңдырды суық күз кеп –
Бақ құсы неге маған бөтен едің ?!
Қайырмасы:
Бридж:
Күтіп жүрмін, сені келер деп,
Жолға қарап, ләйлім, елеңдеп.
Құсым-тұмарым,
Сенсіз сыңарың –
Қалайша бақытқа кенелмек?!
Қайырмасы:
виа "Проспект" еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1