Әнін жазған: Бек Оралбеков Сөзін жазған: Нұрсұлтан Мықтыбай
1. Көп күттірген сәуір жетті деп, Күннің көзі кетті күлімдеп – Ызғарлары нұрға айналып науат қардың. Гүл-көрпе оранып бар аймақ, Самал жел өпті кеп қарай қап – Табиғат құлпырып абаттанды.
Қайырмасы: Сәуірім жеткенде, Жұпарын сан гүлдер төккенде, Барайық қол ұстасып бөктерге.
(БЭК: Шуақ шашқан сылқым сәуір жеткенде)
Сәуірім жеткенде, Шығайық, қалқажан, көк белге, Шырқайық жастық әнін көктемде.
2. Құстарым ән салып ағылды, Бауларым моншағын тағынды – Жалынды жастықтың думаны маздады. Сыңғырлап өзендер, бал-бұлақ, Жайқалды желектер, жал-құрақ – Сәуірдің тамылжыды саздары.