Сүйеді екем,
Сүйеді екем мен сені.
Сен екенсің өмірімнің өлшемі,
Сәл көрмесем зіл басады еңсені,
Жоғалғандай жүрегімнің бөлшегі.
Қ-сы:
Өзіңсіз ас батпайды,
Жанарым жасқақтайды.
Армандап, аңсауменен
Қиялым қас қақпайды.
Қасымда бірге жүрсең,
Көнілім асқақтайды.
Армандап, аңсауменен
Таң атпайды.
Сүйеді екем,
Сүйеді екем жанымдай,
Бойымдағы ағып тұрған қанымдай.
Тіршілігім тоқтап қалар секілді,
Қалсаң бір сәт көз алдымнан табылмай.
Қ-сы:
Өзіңсіз ас батпайды,
Жанарым жасқақтайды.
Армандап, аңсауменен
Қиялым қас қақпайды.
Қасымда бірге жүрсең,
Көнілім асқақтайды.
Армандап, аңсауменен
Таң атпайды.
Сүйеді екем,
Сүйеді екем, елігім,
Еліктірген, желіктірген желігім.
Бағытымнан, шабытымнан жаңылтпас,
Сен екенсің темірқазық серігім.
Гауһар Қаспақова еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4