ЖҰЛДЫЗДАРМЕН СЫРЛАСУ
Әні: Гауһар Әлімбекова.
Өлеңі: Қасымхан Бегманов.
1. Соңғы жылдар сездіргендей күз лебін,
Жоғалтсам да сенен күдер үзбедім.
Содан бері бір көруге зар болып,
Ақ сағымның ар жағынан іздедім.
Қайырмасы:
Жұлдыз біткен сыбырлайтын жай ғана,
Әсем әндей аяулы еді-ау айнала.
Шын сүйгендер сүрінбейді дегендей,
Нұрын шашып тұрушы еді Ай ғана.
2. Сонау көктем аңсатты ғой, аңсатты,
Жүректен жыр, көңілден күй қанша ақты.
Сенсіз өткен айлар мені мұңайтып,
Сенсіз өткен жылдар мені шаршатты.
Гаухар Алимбеклва еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2