ҒАШЫҚТАР СЫРЫ
Әні мен өлеңі: Гауһар Әлімбекова.
Ғашық болдым мен өзіңе былтырдан
Сен білмейсің жүрегімде сыр тұнған.
Дауа бар ма құлай сүйген жүрекке
Сол кезден-ақ бар өмірім құлпырған.
Қайырмасы:
Махаббат аясынан ләззат алып
Биікке ұшайықшы қанаттанып.
Жан сырымды шертейін әнімменен
Жүрек шіркін барады оттай жанып.
Естисің бе назды ғашық үнімді
Сағыныш пен сезім толы жырымды
Жиын-тойға, думандарға барғанда
Сенің орның маған жиі білінді.
Қайырмасы:
Таңдағаным көп ішінен өзіңсің
Махаббаттың мөлдіреген көзісің.
Бақытымды таба алмай келемін
Жылдар бойы іздегенім өзіңсің.
Гаухар Алимбекова еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2