Жазығым не, менi әлi түсiнбеймiн, Бар ма әлде жазған бiр iсiм деймiн. өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ, 2 рет өтiп жатыр бұлдырап түсiмдей күн.
2. Жазығым не, айтқанда бұлақ әнiн, Күлгенiн айыра алмай, жылағанын. Бар дүниенi ұмытып сенен басқа, 2 рет Қалжырап кеп қасыңа құлағаным...
3. Күндер өтер жарқырап таң атқанда, Бiтедi-ау бұл азапты сағаттар да. Күнмен бiрге келер-ау қалқам менiң, 2 рет Бiрақ соны тосуға тағат бар ма?