Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Гаухар Алимбекова - Келинге Осиет | Текст песни

Келінге өсиет

Келін түсті салты ғой бұрынғының
Біздің үйге бірі енді-ай бұрымдының
Ақ ниетпен аттаған босағасы
Ағарып тұр әнекей шымылдығы.

Ақ бауырсақ шашу боп шашылғанда
Қызыл жайлы жүзіңді жасырғанда
Қандай ғана сезімде болдың екен,
Ақ шымылдық алдыңнан ашылғанда.

Жайнап жүрсен қып-қызыл кілемдейсің
Масатыдай құлпырып күлімдейсің
Қарияға салем бер көңлі қалар,
Қариялар кашанғы жүрер дейсің.

Алдыменен өзіңді енең сынар
Емендей боп ол сынға емен шыдар
Жас келінге қаттырақ қарағаны,
Ширатып бір алайын деген шығар

Ерке өскен еліңнің елігі едің
Келін бол деп жіберді-ау сені елің
Енең байғұс толқып жүр қайтсын енді,
Сен оның ең алғашқы келіні едің.

Атасын да осы елдің анасын да
Сыйлай білгін ажыратып жатасын ба
Қолдан келсе үлкеннен бата алайық
Ықыласы үлкеннің батасында.

Другие названия этого текста
  • Гаухар Алимбекова - Келинге осиет минус (1)
  • Жаксылыкова Альнура - келинге осиет (Г.Алимбекова) (0)
  • Альнура - келинге осиет (0)
  • Мадина Хамитова - келинге осиет (0)
  • Г.Алимбекова - Келинге осиет (0)
  • Жибек Алиева - келинге осиет (0)
  • Гаухар Алимбекова - Келинге Осиет (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-