Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Гаухар Алимбекова - Әлдилесін махаббат ән-бесігін | Текст песни

ӘЛДИЛЕСІН МАХАББАТ ӘН БЕСІГІН

Әні мен өлеңі: Гауһар Әлімбекова.

1. Махаббат оты лаулап қоя алған ба,
Шырт ұйқымнан сені іздеп оянғанда.
Сағыныштың сарқылмас сазы тербеп,
Жүргендей боласың сен таяу маңда.

Қайырмасы:

Қиялмен арманыма жүз барамын,
Сарғайған сағыныштың тыңдап әнін.
Жалғызсырап іздейді қайран жүрек,
Күтемін, жабығамын, мұңданамын.

2. Көп алданып үмітке келер деген,
Көз талдырып жолыңа елеңдеп ем.
Мағынасы өмірдің болмас, сірә,
Нұрына махаббаттың бөленбеген.

3. Өрнек салып сиқырлы көл бетіне,
Мамырлайды қос аққу тербетіле.
Махаббат ән бесігін әлдилесін,
Сөнбейтін сезім төгіп жер бетіне!


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-