АНАҒА САҒЫНЫШ
Әні: Гауһар Әлімбекова.
Өлеңі: Исраил Сапарбай.
1. Жетісай – біз өскен жер, талды мекен,
Ауылдың айналасы сәнді ме екен?
Аялап жер-бесікке бөлеп едік,
Ұйқысы жан анамның қанды ма екен?
Қайырмасы:
Қарайлап қара көзің талды ма екен?
Елжіреп ет-жүрегің жанды ма екен?
Апыр-ай, ай мен күннің аманында
Айрылып қалай сенен қалдым екен...
2. Жалғанда кім аясын шыбын жанды,
Жібектей жүрегімде үнің қалды.
Жармасқан етегіңе ұл-қызың мен
Өсірген өзің баптап гүлің қалды.
3. Еске алып елжіреген кезіңді мен,
Көрсем деп елесіңді көзімді ілем.
Жанымды қоятұғын жер таппаймын,
Анашым, аңсағанда өзіңді мен.
Гаухар Алимбекова еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1