Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Г.Жанай - Есте+сакта(music.nur.kz) | Текст песни


Бәрі де артта қалды ма,
Жаным-ау бағың жанды ма?
Сағыныш болып күн сайын,
Келесің көздің алдына.
Екі жаққа екеуміз,
Кетерміз енді не етерміз.
Бақытқа бәлкім жетерміз,
Өкініп мүмкін өтерміз.

Айналған бұлдыр елеске,
Біздің махаббат емес пе,
Сезімнің сұлу сырларын,
Сақта мәңгі сен есте.

қайырмасы:

Есте сақта бір жүрген бақтарды,
Есте сақта сол ғажап шақтарды,
Есте сақта екеуміз көз ілмей,
Армандап қарсы алатын ақ таңды.
Есте сақта мен жазған хаттарды,
Есте сақта мен салған тәтті әнді
Енді сені сол ғана тербейді
Өзгесі оралып келмейді.

2. Бола алмасаң да жан жарым,
Сен жүрегіңе алма мұң
Кешегі келмес күндерді,
Есіңе сақтап қал жаным.

Орала алмайсың білем мен,
Бақытың өзге біреумен.
Сонда да өмір сүрем мен
Өзіңе бақыт тілеумен.

Айналған бұлдыр елеске,
Біздің махаббат емес пе,
Сезімнің сұлу сырларын,
Сақта мәңгі сен есте

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-