Арулардың махаббаты – ізгі ары,
Шешілмеген жұмбақтай ғой бізге әлі.
Қыз Жібектей жаны сұлу тым нәзік,
Шіркін қандай қазағымның қыздары.
Қайырмасы:
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Неткен ғажап сұлусыңдар,
Дархан көңіл, дәру қыздар!
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Аққу мойын ару қыздар,
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!
Самал желпіп маңдайдағы кекілді,
Олар жайлы сыр да талай шертілді.
Қарап тұрсаң көз тоймайтын сол қыздар,
Қырдың сұлу қызғалдағы секілді.
Қайырмасы.
Бақыт нұрға бөленгенде сан алуан,
Бар сұлулық бір сендерден табылған.
Ақ маңдайлы ару қыздар тек қана,
Шын аялап, шын сүюге жаралған.
Қайырмасы.
Гүлнұр Өмірбекова еще тексты
Другие названия этого текста
- Гүлнұр Өмірбекова - Қыздар, қыздар... (0)
- Неизвестно - Қыздар, қыздар... (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 8