Қаратаудың басында көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Елім-ай, Елім-ай.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,
Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғыдай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.
Атадан ұл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көлғылып ағызамын,
Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Қысқан заман,
Бақыт құсы алаштан ұшқан заман,
Елім-ай, Елім-ай.
Көк аспаннан топырақ, шаң борады,
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,
Елім-ай, Елім-ай
Гос Xоровая капелла им. Б. Байкадамова еще тексты
Другие названия этого текста
- Гос Xоровая капелла им. Б. Байкадамова - Елимай (Елім-ай) (1)
- ТҰРАН Этно-фольклорлық тобы - Елім ай (1)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1