Бақытты да емеспін,
Бақытсыз да емеспін.
Сені көріп адастым
Ішінен көп елестің.
Саған ғана тек бұл ән
Айтылады деп тұрам.
Көктем түспей қойды ғой
Көңілімде көк тұман.
Қайырмасы:
Гүлназым...
Гүлназым...
Гүлназым...
Назым... Назым...
Сені сүйіп қалғаным ба...
Қалғаным ба жазығым?
Сені сүйіп қалғаным ба...
Қалғаным ба жазығым?
Көрмесем де қызғанам,
Сөйлесең де қызғанам,
Күннің түскен жүзіңе
Сәулесінен қызғанам.
Сен де мені бір ұқшы,
Бар өкпені ұмытшы.
Мен дегенде мұздаған
Жүрегіңді жылытшы.
Қайырмасы:
Гүлназым...
Гүлназым...
Гүлназым...
Назым... Назым...
Сені сүйіп қалғаным ба...
Қалғаным ба жазығым?
Сені сүйіп қалғаным ба...
Қалғаным ба жазығым?
Бақытты да емеспін,
Бақытсыз да емеспін.
Сені көріп адастым
Ішінен көп елестің.
Қалай сенсең ақталам?
Кінә артпасаң көп маған.
Меннен артық тапсаң да
Сеннен артық жоқ маған.
Қайырмасы:
Гүлназым...
Гүлназым...
Гүлназым...
Назым... Назым...
Сені сүйіп қалғаным ба...
Қалғаным ба жазығым?
Сені сүйіп қалғаным ба...
Қалғаным ба жазығым?
Гулназ еще тексты
Другие названия этого текста
- Махаббат Станциясы - Гүлназым (0)
- Гулназ - Гүлназым (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1