1. Жетісу – келген жерім Қыбырай елі, Алатау бөктерінде қонған жері, халалаку ләйлім-ай. Ақ басты Алатаудың баурайында, Айнадай жарқыраған Ыстық көлі, халалаку ләйлім-ай.
Қайырмасы: Көрерсіз айды-ай, Білерсіз жайды-ай. Жас келін ән салудан, Жалықпайды-ай, халалаку ләйлім-ай.
2. Жаңа ел, жаңа жерге әнмен келдім, Иіліп тізе бүгіп, сәлем бердім, халалаку ләйлім-ай. Рұқсат үлкендерден алғаннан соң, Жолымды құтты қыл деп отауға ендім, халалаку ләйлім-ай.
Қайырмасы: Көрерсіз айды-ай, Білерсіз жайды-ай. Жас келін ән салудан, Жалықпайды-ай, халалаку ләйлім-ай
3. Сағыңды сындырмайын, ақын аға, Сөзіме ақын аға берсе баға, халалаку ләйлім-ай Ұлықсат ағалардан алғаннан соң, Қосайын тамашаны тамашаға, халалаку ләйлім-ай
Қайырмасы: Көрерсіз айды-ай, Білерсіз жайды-ай. Жас келін ән салудан, Жалықпайды-ай, халалаку ләйлім-ай
Гульнур Оразымбетова - Әке туралы жыр Выступление Гульнур Оразымбетовой на проекте "Қазақтың 100 әні" - "100 ... Жас едім өмірге еркін бойламаған Күні ертең не ...