ІІ. Жалғанда қарап тұрсаң жол бұралаң, Ботам-ау болғын аман-ай. Соңыңнан ерте көрме сөзді жаман, Таза бол сен күнәдан-ай. Назым еркем-ай, Нәзік еркем-ай. Бәрін түсінерсің, Өзің ертең-ай.
Қ-сы.Тербетіп бесігінді ән-күйменен, Жан билеген-ай. Әнімменен әлдилеп-ем-ай. Жұбанышым-ай өмірімнің, Шырағысың-ай.
ІІІ. Дүние дариядай толқып ағар, Түбінде дерті қалар-ай. Қыз өссе ел - жұртының көркі болар, Сүйініп ел қуанар-ай. Назым еркем-ай, Нәзік еркем-ай. Бәрін түсінерсің, Өзің ертең-ай.