Аякөз, сірә, аядай бұлаң көзі емес, Аяулы, сірә, қыз болар. Ақиқат бағып,анықтап жатар кез емес, Белгісіз, досым,белгісіз түр ғой бізге олар. Белінде мынау берігіп жатқан қырлардың, Бейіттен бөлек, белгісі жоқ-ты қыздардың, Кезінде, сірә, қызғалдақ болып гүл жарды, Түндігін тесіп туыргын жатқан мұз-қардың.
Бүр жарды, Кетті. Өмірді мәңгі мансүқ қып, Соларды іздеп,сорларды талай қаңсыттық. Қойғаны-ай, шіркін,өмірдің қатал заңының, Оларды бізге,оларға бізді таңсық қып.
Аякөз - деген -аядай бұлақ деседі. (Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді?) Аякөз болып.ғасырлар алға көшеді, Аякөз,- Арулар елі кешегі!