Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Гульмира Сарина - Сағыныш (Т.Айбергенов) | Текст песни

Көркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң,
Шын інім болсаң, бас ұрма, жаным, өсек-ғайбатқа бораған.
Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те,
Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте.
Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға,
Әуелі әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға.
Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай,
Бұлбұлдың даусын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай.
Сағынбай барсаң таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,
Ойлауың мүмкін, дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап.
Үмітке толы, арманға толы, әр жерде бр түп қарағай,
Сағынбай жүрсе, қалуы мүмкін, жамырасуға жарамай.
Биікте тұрған таулар да мынау нұрына таңның боялған,
Сені мен менің ғасырлап күткен сағынышымнан оянған.
Бабалар бізді сағынған, жаным, арманның аңсап биігін,
Әжелер бізді сағынған, жаным, талдырып асқар иығын.
Көкірегіңде сағыныш барда, мұрат та сенде бар жаным,
Алдыңда тұрған қыраттың саған көрінбей жатқан ар жағын.
Жазира белдер қуанышыңды болмасын мәңгі шектемек,
Алыңнан орман кес-кестеп шықса, сағынышыңмен көктеп өт.

О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан,
Ондағы жандар көз ашпас еді ау, сағыну менен шаршаудан.
Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние,
Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан!

Сағыныш деген — молшылық қазына, бола да берер артық-кем,
Ал нағыз асқақ сағыныштарда араның балы бар тіптен.
Мен мынау ыстық жүрегімменен қара тасты да сағынам
Қаланып қалса тәртіппен!

Мен бүгін сонау көгілдір көлге сағынып ұшып барамын,
Бірге қақ қанат, қасымнан қалмай, сағынып көрген қарағым.
Жалғасын сен айт бұл асқақ әннің, жабылып кетсем мен егер,
Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын...

Гульмира Сарина еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2