Әнін жазған Гүлмира Сарина
Сөзін жазған Қалқаман Сарин
Өр Алтай, Ертіс, Семей – дүр намысым,
Қызғалдақ ғұмырымның құндағысың.
Мен сенің бағыңдағы бұлбұлың ем,
Жаралған жамалыңды жырлау үшін.
Қайырмасы:
Кермиық, кербез далам, тербетілген,
Айналайын келбетіңнен.
Қыран тау, құмай белді,
Шығыстай шырайлы елді,
Табам ба шыр айналсам жер бетін мен?!
Қоғалы, қоңыраулы Зайсан көлі,
Марқакөл мөлдіреген ай сәулелі.
Шыңғыстау-Тарбағатай – қос биігім,
Жасай бер, туған жер, жайсаң белім.
Қайырмасы:
Кермиық, кербез далам, тербетілген,
Айналайын келбетіңнен.
Қыран тау, құмай белді,
Шығыстай шырайлы елді,
Табам ба шыр айналсам жер бетін мен?!
Гульмира Сарина еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 7