Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Гульназ - Тойға тiлек | Текст песни

Киесі де, иесі де мынау дархан даланың -
Сендерсіңдер, күйін шертіп, айт өлеңін, сал әнін.
Дүниенің шымылдығын ән сап тұрып ашатын,
Мұндай халық жоқ әлемде шуақтан нұр шашатын.

Даласы - анау, данасы - анау ошақ көрген, от көрген,
Тәй-тәй басса, қырдан асса той-думан ғып өткерген.
Бөліп жеген бір үзім нан, көжесін де бөле ішкен,
Қызығын да, қайғысын да ән-күйменен бөліскен.

Көкжиектен күн ассын,
Қызғаладығың гүл ашсын.
Айналыйын ағайын,
Тойың тойға ұлассын.

Мақтанатын, марқаятын азаматтар бар талай,
Кеңейсінші, көбейсінші тойларымыз тарқамай.
Жан жүрегі мөлдір жанның көрген бәрін досындай,
Ақ бұлағы ақтарылған біздің халық осындай.

Көкжиектен күн ассын,
Қызғаладығың гүл ашсын.
Айналыйын ағайын,
Тойың тойға ұлассын.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-