Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Данияр Рахметжанов - Ананди (альбом Мен Сөзбін!) 2015 | Текст песни

Теледидар қостым, көк жәшікте не жаңалық,
Қарап шықтым ерінбей арналарды барлық,
Әрбір арна көрсетуде хикаясын үнділердің,
Ананди қыз қазағыма болып тұр үлгі келін!

Сананы улады дәстүрі, би мен діні,
Тіпті көбі талпынуда үйренуге Хинди тілін
Қарайды баласы,қызы, келіні, ата әжесі,
Ича мен Тапасия отбасының бір мүшесі!

Сериал басталса болды тоқтайды жұмыс,
Бәріне де қызық Мумбайдағы тұрмыс,
Осылай жалғаса берсе үнділену алыс емес,
Кері әсерін тигізбесе болар еді бұл іс!

Бір данышпан айтқандай елді жеңу үшін
Қажет емес қару, көрсетіп күшін,
Жеткілікті күнде таңнан кешке дейін
Даңғырлатып тыңдай беру сол елдің күйін!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-