Япыр-ай, таңғаламын жаратқанға Оның ұлықтығы сезіледі әрбір таңда Түн өтіп, таң атқанда ауысады періштелер Тек қана иманды жан бұл сөзіме ғана сенер Қарашы... қарашы көк аспанды Жартқан төбе етіп, япыр-ай, көрінбейді шеті Қарашы тауларға қазылған қазық сынды Жарқыратқан төбесінде ай, жұлдыз бен күнді Қарашы қара жерге төселген төсеніштей Өмір сүру мүмкін бе, япыр-ай суын ішпей Көлі мен өзенінен, жер ананың өзегінен Раббым ризық берген сан ұрпаққа кезегімен Япыр-ай, қарашы ну ормандарға, Жасыл кілем төселген сияқты сол маңдарға Ұласатын қиялдарға өмір неткен шолақ едің Мәңгі сенде қалалмайтын өткінші бір қонақ едім, япыр-ай!
Данияр
Алла құдіретті жаратушы, бейнелеген көк аспанды Жасыл түспен жапырақ, ну орманды Төртке бөліп күз, көктем, жаз бен қысты Япыр-ай ұшырған қанатымен құсты Таңғаламын Алланың құдіретіне Себелеткен аспаннан жаңбыр, қарды жер бетіне Зерттеген ғалымдардың айтуынша Әрбір қардың түйіршігі ұқсамайды бір-біріне, япыр—ай Бір теңіз бар ащы, тұщы Ортасынан қақ бөлінген Ғалымдар сенбеді «қалайша, бұл мүмкін бе?» Жак Кустоның өзі мойындады хақ исламды Жаңалығын япыр-ай құраннан көргенінде Бір тас бар тіреуі жоқ, тіремейді ағаш тас та Күмәндансаң сөзіме өтірік пе әлде рас па Жердің өзі тас сияқты ауадағы шар емес пе Тәңір жоқ құдіретті, япыр-ай, Алладан басқа!