Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Данияр Рахметжанов және Мұңайтар - Бар мен Жоқ (альбом Мен Сөзбін!) 2015 | Текст песни


Біреудің атағы бар, бірақ абыройы жоқ
Біреудің ақшасы бар, бірақ ақыл ойы жоқ
Біреудің достары көп, ішінде сенері жоқ
Беделің болса бар, болмаса керегің жоқ!

Бір шалдың сақалы бар, елге берер жоқ батасы
Еркек деген аттар бар, ел қорғауға жоқ шамасы
Жылтырайтын тастар бар, арзандау сапасы
Жылтырақ адамдар бар ішінде аласы!

Мұнай мен Алтыным бар, халықтың ақшасы жоқ!
Кең өлке жеріміз бар, жабатын қақпасы жоқ!
Халықтың айтары бар, биліктің хабары жоқ!
Көк жәшікте бәрі бар, ақиқат арнасы жоқ!

Жетімдердің үйі бар, асырап алары жоқ!
Қариялар үйі бар, ешкімнің бағары жоқ!
Адамдар бар, Үстінде киімі жоқ!
Киімдер бар, ішінде адамы жоқ!

Біреуге берсе байлық, бұйыртпады бақыт
Біреу тас кедей болса да өмір сүрер шалқып
Біреулер бар, шығарады барды жоққа
Біреулер бар, жоғын көрсетеді бар ғып!

Біреуге сөз берген, істейтін қолы жоқ
Біреуге көз берген, баратын жолы жоқ
Біреуде телефон, хабарласар адам жоқ
Біреуде бәрі бар, өкінішке арман жоқ!

Біреудің аты бар қалдырған ізі жоқ
Біреудің малы бар, өзгемен ісі жоқ
Барыңнан не пайда, өлген кезде
ДҰҒА ҚЫЛЫП ЕСКЕ АЛАР,
БІР ДЕ БІР КІСІҢ ЖОҚ!!!

Данияр Рахметжанов және Мұңайтар еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1