Мен Сөзбін! Әріптен құралатын. Жаныңды жұбатып кей кезде жылататын. Мен суықпын көңілде мұз боп қатар Жане де ерітіп жүректе от боп жанар. Мен шындықпын! Қара қылды қақ жаратын, Сүйегіңнен өтіп қанжардай қадалатын. Өтірікпін жалған, бастап берер дауды. Өткір шешенмін, соғыспай жеңер жауды. Мен өлмеймін! Ұлымым! Ұлағатпын! Сан ғасырлық тарихы бар сақталған мұрағатпын. Ақынның қолында төгілетін жырмын, Ақылсыздың аузында қадырсіз жетім құлмын! Мен қаһарлымын, бұзатын қамал! Көз жетпестен бұрын жеткізетін хабар. Мен сөзбін! Батырға тұрдым берік. Сөзқұмарға жолдас, ділмар адамға серік. Мен Сөзбін Ең қымбат, ең арзан, ең жұмсақ, ең қатты Ең жеңіл, ең ауыр, ең ащы, ең тәтті Мен сөзбін! Боламын жұмсақ кейде қатты. Сыртқа шықтым іске косып тіл мен жақты. Мен арқылы шабыт шимайлады ақ парақты. Тауыстым қанша дастан, қанша жыр кітапты. Мен қуанышпын! Сыйлайтын күлкі, Біреумен қасқыр, біреумен арам түлкі, Бір жерде мадениетсіз уяттан бетер Бір жерде боламын бәріне де үлгі! Салмағым тастан ауыр және де қылдан жеңіл, Мақтадай жұмсақ әрі болаттай темір. Оятамын намыс, сыйлаймын шаттық. Немесе намысқа тиіп кетемін кейде артық. Мен сөзбін! Тас жармаса бас жаратын Адамзаттың құралымын пайдаға жарататын. Мен сөзбін! Атылған оқпын! Ғалымның хаты болып Өшпейтін отпын!