Барады аулым көшіп Қызылжарға, Таң атар, шолпан туып, сызылғандай, Көзіңнің мөлдірін ай. Осы әнге қоңырлатып сала берем, Көңілім сені ойлап бұзылғандай, Көзіңнің мөлдірін ай.
Қайырмасы: Құландай жүйрік майда жал-ай, бар ма екен біздей ынтызар-ай, Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ел алды қарайғанда қамыс қалды Ауылы қалқатайдың алыс қалды, Көзіңнің мөлдірін-ай. Ауылға алыс қалған қарай-қарай Қайрылып қаршығадай мойным талды, Көзіңнің мөлдірін-ай
Қайырмасы: Құландай жүйрік майда жал-ай, бар ма екен біздей ынтызар-ай, Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Барады аулым көшіп Қызылжарға, Таң атар, шолпан туып, сызылғандай, Көзіңнің мөлдірін ай.