Көзім түсіп көктемнің киігіне, Оранамын махаббат күйігіне. Аңсауменен келемін сол аруды, Жеткен кім бар арманның биігіне.
Қиялым қанатым қағатын заңғар көгімдегі, Мәңгі бір болатын серігім қайда өмірдегі. Махаббат осы ма арайлы аққу көліндегі, Махаббат осы ма сағыныш толы көңілдегі
Күні түні ойымды бөлемін де, Арналады әсем ән өлеңім де. Жаным десе сол ару арманым жоқ, Күтудемін махаббат белеңінде.