Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Даулет Болатов - Ана (zaycev.net) | Текст песни

жанарыңнан төгіледі күн нұры
жан дүниең жұпар шашқан қыр гүлі
аялаған аяулы анам өзіңсіз
ән салмайды бағымның да бұлбұлы

мейірім де тұнып тұрған көзіңнен
мен өзгеше жан жылуын сезінгем
қуат алып келем ана әліде
құлыным ау деген асыл сөзіңнен

алақаның маңдайыма тигенде
балапаным деп құшақтап сүйгенде
сенің ғана саулығыңды тілеуші ем
тәубе етіп тәңірге бас игенде

мейірім де тұнып тұрған көзіңнен
мен өзгеше жан жылуын сезінгем
қуат алып келем ана әліде
құлыным ау деген асыл сөзіңнен

жаным ана есімінді ән қылып
айта берем сәбилі үнім жаңғырып
таңда атар күнде батар бәрі өтер
саған деген махаббатым мәңгілік

мейірім де тұнып тұрған көзіңнен
мен өзгеше жан жылуын сезінгем
қуат алып келем ана әліде
құлыным ау деген асыл сөзіңнен

сөзі: Ш. Сариев
әні: Е. Хасанғалиев

Даулет Болатов еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-