енжарлық көңілсіздік езілемін
қалғандай қара жаяу сезінемін
егерде осы өмірде бақыт болса
сол бақыт менің үшін өзің едің
есімде ақырғы үн ақырғы леп
ақ моншақ жанарыңнан атылды кеп
үндесер кездер келмей амал қанша
қош дедің алғашқы рет ақырғы рет } 2
қайдасың хабарың жоқ өтті уақыт
сан жылдар жігерімді кетті уатып
жетім құлын секілді көшке ілескен
сенімен кетті жастық кетті бақыт
есімде ақырғы үн ақырғы леп
ақ моншақ жанарыңнан атылды кеп
үндесер кездер келмей амал қанша
қош дедің алғашқы рет ақырғы рет } 2
сөзі : М. Мақатаев
әні : Е. Әлқожа
Даулет Болатов еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1