Угай-угай Ай қараңғы аспанда түн емес пе, угай-ай, Жақсы әйелдер өмірде гүл емес пе, угай-ай. Қыздар гүл-гүл болғанда, жігіт бұл-бұл, угай-ай, Бұлбұл қонып гүліне түнемес пе, угай-ай.
Угай-угай — әніміз, Арпа, бидай дәміміз. Угай-ай деп ән салсақ, Келіспей ме сәніміз.
Өлең деген немене білген құлға, угай-ай, Ақ теңгесін кім қимас алар пұлға, угай-ай. Оралыңның барында ойна да күл, угай-ай, Өлгеннен соң адыра қалар тұлға, угай-ай.
Угай-угай — әніміз, Арпа, бидай дәміміз. Угай-ай деп ән салсақ, Келіспей ме сәніміз.