Шақырған алдан ақ желкен арман, Тәтті өмір балдан, екенін жалған бір күн, Кім білген? Алдамшы – бақыт, сезімге батып, Бал дәмін татып, өтеpін уақыт бір күн, Кім білген?
Самғады ақ бұлттай әнім шалқып, Ой-қиял ұшады көкте қалқып.
Бал күндер әнді, сері күн сәнді, Сағынтып жанды кетерін мәңгі алыс, Кім білген? Сезімге толы махаббат жолы – Өмірдің жолы, өтерін оның бір күн, Кім білген?
Самғады ақ бұлттай әнім шалқып, Ой-қиял ұшады көкте қалқып. Қайырмасы: Келші, келші, жанымда көңілімнің таппай бір емін, Өмір атты орманда адасып жүремін мен әлі. Ғайып болды көп нәрсе, Көрінбейді көзге ештеңе. Көз ұшында елестеп, Қол бұлғап кетті ақ кеме. -/-/-//-/-/- Самғады ақ бұлттай әнім шалқып, Ой-қиял ұшады көкте қалқып.
Қайырмасы: Келші, келші, жанымда көңілімнің таппай бір емін, Өмір атты орманда адасып жүремін мен әлі. Ғайып болды көп нәрсе, Көрінбейді көзге ештеңе. Көз ұшында елестеп, Қол бұлғап кетті ақ кеме.