Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Дервиши - Қазақстаным | Текст песни

Қазақстаным.

Қайда жүрсем Еліме асығамын,
Көрдім толқын сағыныш тасығанын,
Махаббатым туған ел сен екен,
Той – думаным туған жер мерекем,
Мәртебелім, Туған жерім,
Туған елім менің.
Қайырмасы:
Қазақстаным елім,
Туып өскен жерім менің.
Қазақстаным елім,
Аунап өскен төрім менің.
Қазақстаным елім,
Самғап ұшқан көгім менің.
Бақыт – дәулет тұнған елім,
Туы биік туған елім,
Тәуелсіз Ел – Қазақстаным!

Мақтан етем әлемге даңқыңды мен,
Сүйіп өтем өмірлік халқымды мен,
Ғасырлардың төріне аттаған,
Астанаммен мен бүгін мақтанам.
Ақордамсың – Алтын Ордам
Қазақ Елім менің.

Қайырмасы:
Қазақстаным елім,
Туып өскен жерім менің.
Қазақстаным елім,
Аунап өскен төрім менің.
Қазақстаным( сен) елім,
Самғап ұшқан көгім менің.
Бақыт – дәулет тұнған елім,
Туы биік туған елім,
Тәуелсіз Ел – Қазақстаным!

Туған елімсен,
Туған жерім сен,
Ұшқан көгім сен, Қазақстаным!
Бір сен тілегім,
Арман жүрегім,
Қазақ Елі – Қазақстаным,
Асқар тау тірегім!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Видео
Нет видео
-