Құлынтайдай жетелеп,
Өсірдің әке мәпелеп.
Кем қылмадың қатардан
Жан әке сізге ахоу рахмет
Есіктің алды ау ақ қайың
Қайыңды қайтіп аттайын
Еркелеткен анамнан
Ақ сүтін қайтіп ахоу ақтайын.
Есіктің алды ау қос терек
Жапырақ шығар көлтелеп
Ата - анамның алдында
Жүруші едім ахоу еркелеп
Әуеде торғай толып жүр
Бауырым оны қуып жүр
Соңымнан ерген бауырлар
Сағындырмай ахоу, апта сайын келіп жүр
Базардан келген кеселер
Шай - самаурын еселер
Қызым, қызым деуші едің,
Қош, аман бол, ахоу, көрші отырған шешелер.
Есіктің алды қара ағаш,
Қабығын алда малға шаш.
Жанындай көрген жан апам,
Аптада келіп, ахоу, амандас
Базардан келген белдемше,
Көруші едім өзгеше
Қайың сіңілім деуші едің
Қош аман бол, ахоу, жеңешем
Базардан келген орамал
Шай қорғасын оралар
Күліп - ойнап жүріскен
Қош аман бол, ахоу, ағалар
Базардан келген құйысқан
Тарамай шашын ұйысқан
Келіп те, кетіп жүріңдер
Сағындырмай, ахоу, туысқан
Ауада ұшқан ақ сұңқар
Қанатыңмен жер сипар
Өз үйімнен кеткен соң
Маңдайымнан, ахоу, кім сипар
Әуеде ұшқан бозторғай
Мойынды жөннің бос болғай
Жат - жұтқа кетіп барамын
Ел - жұртым енді , ахоу, қош болғай
Есіктің алды жас қайың
Жапырағыңды баспайын
Бұл үйден аттап шыққан соң
Еркелікті ахоу тастайын
Диана Май еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 8